Қытай компаниялары Мбаппемен жарнамалық келісімшарттарды бұза бастады (видео)

Жарияланды 27 Қазан 2026 15:28

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Килиан Мбаппе / фото: shutterstock
Килиан Мбаппе / фото: shutterstock

Қытай компаниялары «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппемен жарнамалық ынтымақтастығын тоқтата бастады. Бұған футболшының өзі ұнататын мем туралы айтқан сөзі себеп болған, деп жазады Kursiv Media.

«Дунпэн» компаниясы ұлттық сезімге нұқсан келтіретін кез келген әрекетке үзілді-кесілді қарсы екенін және мұндай жағдайларға төзімділік танытпайтынын жеткізген.

«Бүгіннен бастап Килиан Мбаппемен барлық ынтымақтастығымызды тоқтатамыз», – делінген компания хабарламасында.

Сондай-ақ Қытайдың «Мэнню» компаниясы да француз футболшысымен серіктестігін тоқтататынын жариялады. Компания өкілдері Қытай халқының сезімін қорлайтын сөздер мен әрекеттерге қарсы екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Мбаппе сұхбаттарының бірінде өзінің сүйікті мемі туралы айтқан. Ол графикалық редактор арқылы бет-бейнесі Қытайдың бұрынғы көшбасшысы Мао Цзэдунның суретіне қойылған бейнені атаған.

Қытай Сыртқы істер министрлігі француз футболшысы Килиан Мбаппемен жарнамалық келісімшарттарын тоқтатқан қытайлық компаниялардың әрекетіне қатысты пікір білдірген. Ресми өкіл Го Цзякунь Қытай халқының ұлттық сезімін қорлайтын сөздер мен әрекеттер қоғамның қарсылығын тудыратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз