Келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы 40 пайызға өседі

Жарияланды 28 Қазан 2026 12:24

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Ең жоғары орташа жалақы қаржы және сақтандыру саласы қызметкерлерінде – 987 мың теңге, ал тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 979 мың теңге. / фото: KursivMedia мұрағаты
77 мың адамның жалақысы 40 пайызға көбейеді/ фото: KursivMedia мұрағаты

Мемлекет басшысы жолдауында медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғыртуға ерекше мән берілетінін айтты. Осы сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілмек, деп хабарлайды Kursiv.media.

«Біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды», – деді президент.

Тоқаев осы бағыттағы учаскелік қызмет мамандарының жалақысын арттыруды тапсырды.

«Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді», – деді президент.

Тағы да оқыңыз: Елде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады

Сондай-ақ оқыңыз