
Мемлекет басшысы жолдауында медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғыртуға ерекше мән берілетінін айтты. Осы сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілмек, деп хабарлайды Kursiv.media.
«Біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды», – деді президент.
Тоқаев осы бағыттағы учаскелік қызмет мамандарының жалақысын арттыруды тапсырды.
«Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді», – деді президент.
Тағы да оқыңыз: Елде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады