
Өткен апта теңгенің нығаюымен және KASE индексінің өсуімен аяқталды. Қазақстанда алтын резервінің үлесі рекордтық деңгейге жетіп, бюджет шығындарының бір бөлігі цифрлық теңгеге көшірілді. Сонымен бірге ең төменгі жалақы, Ұлттық қордан валюта сату, бизнеске мораторий және экономиканың 400 млрд доллар межесіне жақындауы аптадағы басты тақырыптардың қатарында болды.
НАРЫҚТАР
Валюта, шикізат, криптовалюта және қор нарығы
KASE акциялары
27 қазандағы алғашқы жабылу → 30 қазандағы соңғы жабылу
АПТАНЫҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ
Экономика, қаржы және бизнесҚазақстан резервіндегі алтынның үлесі 77%-дан асты
Он жылда халықаралық резервтердегі алтынның үлесі 32,4%-дан 77,4%-ға дейін өсті, енді Ұлттық банк оны шамамен 70%-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр.
ОҚЫҢЫЗБюджет ақшасы цифрлық теңгемен төлене бастайды
30 қазаннан бастап дәрі-дәрмек, жол құрылысы, жөндеу және бірқатар мемлекеттік сатып алу цифрлық теңге арқылы қаржыландырылады.
ОҚЫҢЫЗҰлттық қор сатылымы доллардың өсуін тежеуі мүмкін
Freedom Broker алдағы айларда Ұлттық қор операцияларын ескергенде нарықтағы валюта ұсынысы айына шамамен $1 млрд болуы мүмкін деп бағалады.
ОҚЫҢЫЗҚазақстанның ЖІӨ-сі $400 млрд-қа жақындады
Доллармен есептелген экономиканың көлеміне мұнай бағасы, ішкі инфляция және теңгенің бағамы елеулі ықпал етіп отыр.
ОҚЫҢЫЗ110 мың теңге жалақының қолға қаншасы тиеді
2027 жылдан ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе, міндетті ұсталымдардан кейін қызметкердің қолына шамамен 96,8 мың теңге тиеді.
ОҚЫҢЫЗҮкімет бизнеске мораторий бойынша ұсыныс әзірлейді
Микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізу жөніндегі ұсыныстарды Үкімет екі апта ішінде дайындамақ.
ОҚЫҢЫЗKEGOC таза пайдасын екі есе арттырды
Ұлттық электр операторы тоғыз айдың қорытындысында 84,3 млрд теңге таза пайда тапты.
ОҚЫҢЫЗТеңгелік депозиттердің орташа мөлшерлемесі 14,7%-ға жетті
Қыркүйекте жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі 14,7% болды.
ОҚЫҢЫЗ«ҚазТрансОйл» 7 500 акциясын кері сатып алды
Компанияның орналастырылған 384,6 млн акциясының 90%-ы ҚазМұнайГазға тиесілі, ал 7 500 акцияны компания өзі кері сатып алған.
ОҚЫҢЫЗҚазақстан QR-төлем жүйесін төрт мемлекетпен біріктірмек
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан ұлттық QR-төлем жүйелерін өзара біріктіру механизмін әзірлемек.
ОҚЫҢЫЗАптаның ең маңызды құрылымдық жаңалықтарының бірі алтын резервіне қатысты. Қазақстанның халықаралық резервтері қыркүйек соңында 66,4 млрд, доллар, оның ішінде монетарлық алтын 51,4 млрд доллар болды. Соның нәтижесінде алтынның үлесі 77,4%-ға жетті. 2016 жылы бұл көрсеткіш 32,4% еді. Ұлттық банк енді алтын үлесін біртіндеп шамамен 70%-ға түсіріп, резерв құрылымын әртараптандырмақ.
Бюджет шығыстарында да маңызды өзгеріс болды. 30 қазаннан бастап дәрі-дәрмек, жанар-жағармай, республикалық жолдарды жөндеу мен салу, ғимараттар мен жабдық сатып алу және бірқатар күрделі шығыс цифрлық теңге арқылы қаржыландырыла бастады. Тізім Үкіметтің 23 қазандағы қаулысымен бекітілген.
Қор нарығында апта соңындағы көрініс аралас болды. 30 қазанда Air Astana 2,2%, Kaspi.kz 1,8% өскенімен, Қазатомөнеркәсіп бір күнде 4% арзандады. Соған қарамастан KASE индексі жұмада 0,06% көтеріліп, 7 916,32 тармақпен жабылды.
Әлемдік нарықтағы негізгі оқиға жұмадағы технологиялық акциялардың сатылымы болды. Жасанды интеллектке жұмсалып жатқан инвестициялардың қайтарымы жөніндегі күмән күшейіп, Nasdaq бір күнде 2,86%, S&P 500 1,82% төмендеді. Brent керісінше 117,63 доллар 117,64 маңына көтерілді.