Технологиялық акциялар құлады: әлемдік нарықтағы аптаның басты оқиғалары

Жарияланды 2 Қараша 2026 07:32

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

Өткен апта теңгенің нығаюымен және KASE индексінің өсуімен аяқталды. Қазақстанда алтын резервінің үлесі рекордтық деңгейге жетіп, бюджет шығындарының бір бөлігі цифрлық теңгеге көшірілді. Сонымен бірге ең төменгі жалақы, Ұлттық қордан валюта сату, бизнеске мораторий және экономиканың 400 млрд доллар межесіне жақындауы аптадағы басты тақырыптардың қатарында болды.

АПТАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

НАРЫҚТАР

Валюта, шикізат, криптовалюта және қор нарығы

АПТА 26–30 ҚАЗАН 2026
USD / KZT
453,87 ₸
▼ ≈0,5% KASE
АЛТЫН
$3 898,90
▼ ≈3,0% $/унция
BRENT
$117,64
▲ ≈1,6% баррель
BITCOIN
≈ $77 200
▼ ≈4,5% BTC/USD
KASE ИНДЕКСІ
7 916,32
▲ 0,49% 27–30.10
S&P 500
7 580,07
▼ ≈1,3% 26–30.10
NASDAQ
25 437,00
▼ ≈2,8% Composite

KASE акциялары

27 қазандағы алғашқы жабылу → 30 қазандағы соңғы жабылу
AIRA Air Astana
699,87 ₸
+2,62%
KMGZ ҚазМұнайГаз
36 052,80 ₸
+0,71%
KSPI Kaspi.kz
42 570,00 ₸
+0,64%
KEGC KEGOC
1 454,70 ₸
+0,62%
KZAP Қазатомөнеркәсіп
28 350,00 ₸
+0,61%
KZTK Қазақтелеком
45 870,00 ₸
+0,15%
KCEL Kcell
3 153,74 ₸
+0,12%
KZTO ҚазТрансОйл
1 385,95 ₸
−0,08%
CCBN Банк ЦентрКредит
5 400,01 ₸
−0,28%
HSBK Halyk Bank
372,93 ₸
−0,29%

АПТАНЫҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ

Экономика, қаржы және бизнес
26–30 ҚАЗАН
01
АЛТЫН

Қазақстан резервіндегі алтынның үлесі 77%-дан асты

Он жылда халықаралық резервтердегі алтынның үлесі 32,4%-дан 77,4%-ға дейін өсті, енді Ұлттық банк оны шамамен 70%-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр.

ОҚЫҢЫЗ
02
ЦИФРЛЫҚ ТЕҢГЕ

Бюджет ақшасы цифрлық теңгемен төлене бастайды

30 қазаннан бастап дәрі-дәрмек, жол құрылысы, жөндеу және бірқатар мемлекеттік сатып алу цифрлық теңге арқылы қаржыландырылады.

ОҚЫҢЫЗ
03
ВАЛЮТА

Ұлттық қор сатылымы доллардың өсуін тежеуі мүмкін

Freedom Broker алдағы айларда Ұлттық қор операцияларын ескергенде нарықтағы валюта ұсынысы айына шамамен $1 млрд болуы мүмкін деп бағалады.

ОҚЫҢЫЗ
04
ЭКОНОМИКА

Қазақстанның ЖІӨ-сі $400 млрд-қа жақындады

Доллармен есептелген экономиканың көлеміне мұнай бағасы, ішкі инфляция және теңгенің бағамы елеулі ықпал етіп отыр.

ОҚЫҢЫЗ
05
ЖАЛАҚЫ

110 мың теңге жалақының қолға қаншасы тиеді

2027 жылдан ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе, міндетті ұсталымдардан кейін қызметкердің қолына шамамен 96,8 мың теңге тиеді.

ОҚЫҢЫЗ
06
БИЗНЕС

Үкімет бизнеске мораторий бойынша ұсыныс әзірлейді

Микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізу жөніндегі ұсыныстарды Үкімет екі апта ішінде дайындамақ.

ОҚЫҢЫЗ
07
KEGOC

KEGOC таза пайдасын екі есе арттырды

Ұлттық электр операторы тоғыз айдың қорытындысында 84,3 млрд теңге таза пайда тапты.

ОҚЫҢЫЗ
08
ДЕПОЗИТ

Теңгелік депозиттердің орташа мөлшерлемесі 14,7%-ға жетті

Қыркүйекте жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі 14,7% болды.

ОҚЫҢЫЗ
09
АКЦИЯ

«ҚазТрансОйл» 7 500 акциясын кері сатып алды

Компанияның орналастырылған 384,6 млн акциясының 90%-ы ҚазМұнайГазға тиесілі, ал 7 500 акцияны компания өзі кері сатып алған.

ОҚЫҢЫЗ
10
ТӨЛЕМ

Қазақстан QR-төлем жүйесін төрт мемлекетпен біріктірмек

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан ұлттық QR-төлем жүйелерін өзара біріктіру механизмін әзірлемек.

ОҚЫҢЫЗ

Аптаның ең маңызды құрылымдық жаңалықтарының бірі алтын резервіне қатысты. Қазақстанның халықаралық резервтері қыркүйек соңында 66,4 млрд, доллар, оның ішінде монетарлық алтын 51,4 млрд доллар болды. Соның нәтижесінде алтынның үлесі 77,4%-ға жетті. 2016 жылы бұл көрсеткіш 32,4% еді. Ұлттық банк енді алтын үлесін біртіндеп шамамен 70%-ға түсіріп, резерв құрылымын әртараптандырмақ.

Бюджет шығыстарында да маңызды өзгеріс болды. 30 қазаннан бастап дәрі-дәрмек, жанар-жағармай, республикалық жолдарды жөндеу мен салу, ғимараттар мен жабдық сатып алу және бірқатар күрделі шығыс цифрлық теңге арқылы қаржыландырыла бастады. Тізім Үкіметтің 23 қазандағы қаулысымен бекітілген.

Қор нарығында апта соңындағы көрініс аралас болды. 30 қазанда Air Astana 2,2%, Kaspi.kz 1,8% өскенімен, Қазатомөнеркәсіп бір күнде 4% арзандады. Соған қарамастан KASE индексі жұмада 0,06% көтеріліп, 7 916,32 тармақпен жабылды.

Әлемдік нарықтағы негізгі оқиға жұмадағы технологиялық акциялардың сатылымы болды. Жасанды интеллектке жұмсалып жатқан инвестициялардың қайтарымы жөніндегі күмән күшейіп, Nasdaq бір күнде 2,86%, S&P 500 1,82% төмендеді. Brent керісінше 117,63 доллар 117,64 маңына көтерілді.

Сондай-ақ оқыңыз