Қазақстан 2027 жылы 99 млн тонна мұнай өндірмек

Жарияланды 4 Қараша 2026 15:32

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
2027 жылы қанша тонна мұнай өндіріледі Фото: shutterstock

Қазақстан 2027 жылы 99 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министр биылғы жоспар – 96 млн тонна екенін атап өтті. Жыл басында ел үкіметі 2026 жылғы қара алтын өндірісін 100 млн тонна көлемінде бекіткен еді.

Алайда Теңіз кен орнындағы өрт пен Қаспий Құбыр Консорциумы нысандарына дрон шабуыл жасап, өнім тасымалында қиындық туындаған соң, межелі көлемді азайтқан.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мұнай өндірісі көлемін сақтау үшін Қашаған мен Теңіз кен орындарындағы жөндеу жұмысы 2027 жылға шегерілгенін мәлімдеген.

Қазақстан 2026 жылдың 9 айында 69,4 миллион тонна мұнай мен 47,4 млрд текше метр газ өндірген. Былтыр осы кезеңде өндірілген мұнай 75,7 млн тоннадан асқан болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз