
Құрылтай депутаты Қайрат Айтуғанов Азия даму банкінен қарыз алу Қытайға тәуелділікті күшейту тәуекеліне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Азия даму банкі бір ғана елдің қаржы ұйымы емес. Оның құрамына АҚШ, Жапония, Германия, Қытай, Қазақстан және басқа да мемлекеттер кіреді. Қытайдың банк капиталындағы үлесі шамамен 16%-ды құрайды. Банк қарызды әртүрлі валютада, соның ішінде АҚШ доллары мен қытай юанімен береді. Қазіргі таңда халықаралық нарықта қытай юаніне сұраныс жоғары. Сондықтан қарызды юаньмен алу ешқандай қауіп төндірмейді», – деді Айтуғанов.
Өз кезегінде қаржы министрі Мәди Тәкиев АДБ-дан қарыз алу қай салаға жұмсалатынын нақтылады.
«Қазақстан 1994 жылдан бері Азия даму банкінің мүшесі. Елдің банктегі үлесі – 0,805%. Осы уақытқа дейін Қазақстанға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 8,7 млрд АҚШ долларына жетті. Қарыз қаражаты ең алдымен әлеуметтік салаға, көлік инфрақұрылымына, өнеркәсіпке, білім беруге және басқа да басым бағыттарға жұмсалады», – деді Тәкиев.
Мәди Такиев Қазақстан тағы кімдерден қарыз алатынын айтты.