Арықтау үшін жаттығу міндетті ме – фитнес жаттықтырушы кеңесі

Жарияланды 10 Қараша 2026 17:39

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General news бөлімінің аға журналисі a.serikkhan@kursiv.media
Олеся Бассарова

Олеся Бассарова

General News бөлімінің тілшісі
тренировка
Фото: unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Тек тамақтануды реттеу арқылы да салмақ тастауға болады. Алайда дене бітімін жинақы етіп, бұлшықеттерді шынықтыру үшін жаттығу да қажет. Фитнес жаттықтырушы Лера Логунова салмақ тастауға тамақтану, ал дене бітімін қалыптастыруға жаттығу әсер ететінін түсіндірді. Сондай-ақ ол жаттығу кезінде бірден бар күшін салуға тырысудың қандай салдарға әкелетінін айтты.

«Алтын қағида мынадай: таразыдағы салмақ пен майдың азаюына тамақтану әсер етеді, ал жаттығу дене бітімінің сапасын жақсартады. Күш жаттығулары тамақтанғаннан кейін артық калорияны «өтеу» үшін жасалмайды», – деп түсіндірді жаттықтырушы.

Логунованың айтуынша, жаттығудың бірнеше пайдасы бар:

  • Арықтаған кезде дене бітімінің жинақы болуына, бөксе бұлшықеттерінің шымырлануына және дене сымбатының түзелуіне көмектеседі. Яғни жай ғана салмағы азайған, бірақ бұлшықеттері бос дене емес, сымбатты мүсін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
  • Энергия шығынын арттырады;
  • Терінің тонусын жақсартып, қан айналымын ынталандырады.

Неліктен бірден күрделі жаттығуларға кіріспеу керек

Жаттықтырушының айтуынша, жиі кездесетін қателіктің бірі – көбірек калория жағуды көздеп, бірден жоғары деңгейдегі жаттығуларға көшу.

«Егер денеңіз салмақпен 65–70 минут жаттығуға дайын болмаса, күш-қуаттың орнына қатты шаршау мен әлсіздік сезінесіз. Бұған қоса, тәбетіңіз шамадан тыс ашылып, оны бақылау қиындайды. Ағза жоғалтқан энергияның орнын толтыруға тырысады. Сондай-ақ күйзеліс деңгейінің жоғарылауынан ағзада сұйықтық жиналып, ісіну пайда болуы мүмкін», – деп түсіндірді ол.

Сондықтан жаттығу деңгейін тезірек арықтауға деген ниетке емес, ағзаның қазіргі мүмкіндігіне қарай таңдаған жөн.

Жаттықтырушы жаңадан бастағандарға бастапқы деңгейден бастауды ұсынады. Бұл кезеңде бұлшықеттердің жұмысын сезініп, тұрақты жаттығуға дағдылану маңызды. Егер жаттығу тәжірибесі бар және гантельмен жұмыс істей алсаңыз, орта деңгейге көшуге болады. Ал күрделі жаттығуларға орта деңгейдегі жүктеме қиындық тудырмайтын кезде ғана кіріскен дұрыс.

Тағы да оқыңыз: Артық салмақ есте сақтау қабілетін нашарлатуы мүмкін – дәрігер түсіндірді

Сондай-ақ оқыңыз