Ғылымға бөлінген 47 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған – Смайылов

Жарияланды 11 Қараша 2026 11:14

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Ғылым саласында қомақты қаражат тиімсіз игерілген/ Shutterstock

Ғылым саласына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде 51 млрд теңгеге қаржылық бұзу анықталып, 47 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланып, пайдаланылған, деп жазады Kursiv Media.

«Мемлекет ғылым нәтижелерін жүйелі түрде есепке алмай, оны басқара алмай отыр. Цифрландырудың төмен деңгейі, ғылым саласының нашар басқарудың басты себептерінің бірі. Бұл әсіресе ғылыми зерттеуге және тәжірибелі конструкциялық жұмыстарға жұмсалатын бір пайыздық тетік бойынша байқалады. 32 млрд теңгені құрайтын 159 жоба толыққанды мемлекеттік есептен тыс қалды»,- деді құрылтай отырысында жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, ғылым саласына жүргізілген аудит қорытындысы бойынша 51 млрд теңге қаржылық бұзу, 47 млрд теңге қаражат тиімсіз жоспарланғаны, 16 млрд теңге шығын келгені анықталған.

«36 дерек бойынша материалдар әкімшілік істі қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілді. Үш факт бойынша аудит материалдарын құқық қорғау органдарына жіберу шешімі қабылданды. Биыл аудит қорытындысы бойынша үкіметке бес ұсыным және аудит обьектілеріне 66 тапсырма берілді», – деді Смайылов.

Оқи отырыңыз: Ғылымға бөлінген 22 млрд теңге игерілсе де, жобалар нәтиже бермеген

Сондай-ақ оқыңыз