
KEGOC-тың (KEGC) таза пайдасы 2026 жылдың тоғыз айында 84,7 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғы қаңтар–қыркүйекпен салыстырғанда 87,5%-ға көп. Компания биыл үш тоқсанның өзінде 2025 жыл бойы тапқан 70,8 млрд теңге пайдасынан асып түсті.
Түсімнің өсіміне ұлттық электр желісі көбірек үлес қосты
Қаңтар–қыркүйекте компанияның түсімі 27,6%-ға өсіп, 355,7 млрд теңгеге жетті. Соның 179,4 млрд теңгесі ұлттық электр желісін пайдалану қызметінен түсті. Былтыр осы қызметтен 130,5 млрд теңге түскен. Жалпы түсімнің 76,8 млрд теңгелік өсімінің 48,9 млрд теңгесі осы қызметтің үлесіне тиді.
Үшінші тоқсанда таза пайда 2,75 есе өсті
Шілде–қыркүйекте Кегоктың түсімі 20,8%-ға өсіп, 115,6 млрд теңгеге жетті. Осы кезеңде сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 2,2%-ға төмендеп, 75,2 млрд теңге болды. Нәтижесінде тоқсандық таза пайда былтырғы 10,9 млрд теңгеден 30,1 млрд теңгеге дейін өсті.