Қазақстан мыс өндіруден әлемдегі алғашқы ондыққа кірді (инфографика)

Жарияланды 19 Қараша 2026 10:01

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: Kursiv Media

Қазақстан 2025 жылы 710 мың тонна мыс өндіріп, Индонезиямен бірге әлемдік рейтингте 9–10-орындарды бөлісті. Қазақстанның үлесіне дүниежүзінде кеннен алынған мыстың 3,1%-ы тиесілі.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) бағалауынша, 2025 жылы әлемде шамамен 23 млн тонна мыс өндірілді.

Әлемдегі мыстың жартысына жуығын үш ел өндірді

2025 жылы ең көп мыс өндірген елдер
ОрынЕлМың тоннаҮлес
1 Чили5 30023%
2 Конго Демократиялық Республикасы3 20013,9%
3 Перу2 70011,7%
4 Қытай1 8007,8%
5 Ресей1 3005,7%
6 АҚШ1 0004,3%
7 Замбия9404,1%
8 Аустралия7303,2%
9–10 Индонезия7103,1%
9–10 Қазақстан7103,1%
11 Мексика6903%
12 Канада5002,2%
13 Польша4101,8%
14 Үндістан230,1%
—Басқа елдер3 00013%
Дереккөз: АҚШ Геологиялық қызметі (USGS)

Чили 5,3 млн тонна мыс өндіріп, көш басында қалды. Елдің әлемдік өндірістегі үлесі 23%-ға жетті. Екінші орында Конго Демократиялық Республикасы тұр. Ол 3,2 млн тонна мыс өндірді. Үшінші орынға 2,7 млн тоннамен Перу шықты. Үш елдің жиынтық үлесі шамамен 49%-ды құрады.

фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстанда мыс өндірісі 1,9%-ға азайды

Қазақстанда мыс өндірісі 2024 жылғы 724 мың тоннадан 2025 жылы 710 мың тоннаға дейін төмендеді. Соған қарамастан, ел өндіріс көлемі бойынша Мексикадан 20 мың тоннаға озды. Ал сегізінші орындағы Аустралия Қазақстаннан 20 мың тонна артық мыс өндірді.

Сондай-ақ оқыңыз