
Қазақстан 2025 жылы 710 мың тонна мыс өндіріп, Индонезиямен бірге әлемдік рейтингте 9–10-орындарды бөлісті. Қазақстанның үлесіне дүниежүзінде кеннен алынған мыстың 3,1%-ы тиесілі.
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) бағалауынша, 2025 жылы әлемде шамамен 23 млн тонна мыс өндірілді.
Әлемдегі мыстың жартысына жуығын үш ел өндірді
| Орын | Ел | Мың тонна | Үлес |
|---|---|---|---|
| 1 | 5 300 | 23% | |
| 2 | 3 200 | 13,9% | |
| 3 | 2 700 | 11,7% | |
| 4 | 1 800 | 7,8% | |
| 5 | 1 300 | 5,7% | |
| 6 | 1 000 | 4,3% | |
| 7 | 940 | 4,1% | |
| 8 | 730 | 3,2% | |
| 9–10 | 710 | 3,1% | |
| 9–10 | 710 | 3,1% | |
| 11 | 690 | 3% | |
| 12 | 500 | 2,2% | |
| 13 | 410 | 1,8% | |
| 14 | 23 | 0,1% | |
| — | Басқа елдер | 3 000 | 13% |
Чили 5,3 млн тонна мыс өндіріп, көш басында қалды. Елдің әлемдік өндірістегі үлесі 23%-ға жетті. Екінші орында Конго Демократиялық Республикасы тұр. Ол 3,2 млн тонна мыс өндірді. Үшінші орынға 2,7 млн тоннамен Перу шықты. Үш елдің жиынтық үлесі шамамен 49%-ды құрады.

Қазақстанда мыс өндірісі 1,9%-ға азайды
Қазақстанда мыс өндірісі 2024 жылғы 724 мың тоннадан 2025 жылы 710 мың тоннаға дейін төмендеді. Соған қарамастан, ел өндіріс көлемі бойынша Мексикадан 20 мың тоннаға озды. Ал сегізінші орындағы Аустралия Қазақстаннан 20 мың тонна артық мыс өндірді.