Қазақстанда өзбек пен қытай бизнесі жаппай тіркеліп жатыр

Жарияланды 18 Қараша 2026 17:01

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

Қазақстанда тіркелген шетелдік компаниялар мен филиалдар саны қаңтар соңындағы 64,4 мыңнан қазан соңында 74,4 мыңға жетті. Осы өсімнің жартысынан астамы бір елге – Өзбекстанға тиесілі. Kursiv Media Ұлттық статистика бюросының қаңтар және қазан айларының соңындағы деректерін салыстырды.

Қазақстандағы шетелдік бизнес саны қалай өзгерді?

2026 жылғы қаңтар мен қазан соңындағы тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар

ЕлҚаңтарҚазанӨзгеріс
Өзбекстан 8 49113 741+5 250
Қытай 8 39211 224+2 832
Ресей 22 77123 335+564
Қырғызстан 2 8003 177+377
Әзербайжан 1 6241 679+55
Беларусь 906928+22
Германия 957971+14
Украина 1 2651 271+6
Оңтүстік Корея 866868+2
Түркия 5 0244 977−47
Дереккөз — Ұлттық статистика бюросы (қаңтар, қазан).

Өзбекстан алда, Қытай екінші

Қазақстанда Өзбекстанға тиесілі компаниялар мен филиалдар саны тоғыз айда 5 250-ге артып, 13 741-ге жетті. Бұл – 61,8% өсім. Қытайға тиесілі ұйымдар саны 2 832-ге артып, 11 224-ке жетті. Қаңтар соңында екі елдің арасын небәрі 99 ұйым бөліп тұрса, қазан соңында бұл айырма 2,5 мыңнан асты.

Жалпы саны бойынша Ресей бірінші

Қазан соңында Қазақстанда Ресейге тиесілі 23 335 компания мен филиал тіркелген. Бұл қаңтар соңындағыдан 564-ке көп. Осы аралықта Қырғызстанға тиесілі ұйымдар саны 377-ге артса, Түркияға тиесілі ұйымдар саны 47-ге азайды.

Сондай-ақ оқыңыз