Freedom SuperApp дәрігерлерге онлайн жазылу көрсеткішін төрт айда 70 есе арттырды

Жарияланды 18 Қараша 2026 16:50

Данил Тумашевич

Данил Тумашевич

Шеф-редактор d.tumashevich@kursiv.kz
Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Вячеслав Ким
Фото: Freedom

2026 жылдың маусым-қазан аралығында Freedom SuperApp арқылы дәрігерлерге жазылу 70 есе өсті. Қолданба арқылы қазір iDoctor сервисіне тиесілі бүкіл жазбаның жартысынан көбі өтіп жатыр. Ал жазда оның үлесі бар-жоғы 1%-ды құраған. Бұл туралы Freedom MedTech Talk барысында Freedom SuperApp CEO-сы Вячеслав Ким айтты.

Дәрігерге жазылу – Freedom SuperApp-тағы «Менің денсаулығым» бөлімінің алғашқы сервисі болды. Сервис iDoctor базасында жұмыс істейді.

Шілде мен қазан аралығында сатып алушылар саны 10 есе өсіп, әр ай сайын кем дегенде екі есеге артып отырды. Қазан айында операциялар саны қыркүйек айымен салыстырғанда 115% көтеріліп, ал сатылымның ақшалай көлемі 117,5%-ға ұлғайды. Кимнің айтуынша, табиғи өсім болған.

«Біз клиенттерді тыңдай бастадық және бүкіл сатылымдардың жартысына жуығы SuperApp арқылы өтті. Бұл біз үшін сенім тарихы», – деді ол.

Сервисте 202 жеке клиника және 2 700-ге жуық дәрігер бар. Пайдаланушы маманды рейтингі мен пікірлері бойынша таңдап, қабылдауға тек өзін ғана емес, сонымен қатар балаларын, жұбайы немесе ата-анасын да жаза алады.

Оның айтуынша, денсаулықты цифрландыруда біраз нәрсе алғаш рет пайда болып жатыр. Сондықтан адамдарға сервисті байқап көру және оның жұмыс істейтініне көз жеткізуге мүмкіндік беру керек.

Мұнда қосымшаның өз аудиториясы көмектеседі. Freedom SuperApp-тың ішінде сатып алуға үйреніп қалған 7 миллионнан астам клиенті бар. Қосымша аудиториясының жартысынан көбін (53%) 25 пен 59 жас аралығындағы адамдар құрайды.

Медициналық сервистерді дамыта отырып, Freedom жақындарына қамқорлық жасауды оңай әрі қолжетімді етуге ұмтылады. Осы міндеттерді SuperApp-та шешу мүмкіндігі клиенттер үшін қосымшаға қайта оралудың тағы бір себебіне айналған.

«SuperApp біздің daily-көмекшімізге айналды», – деді ол.

Компания қосымшада пациент өтетін жолды ұсынады: симптомдарды сипаттау және ИИ-дің қандай дәрігерге бару керектігі туралы кеңесінен бастап, қабылдауға жазылу, анализ тапсыру, дәрі-дәрмек сатып алу және медициналық құжаттарды сақтауға дейін. Әр кезеңдегі төлемге Freedom Bank карталарынан кэшбэк түседі.

Ким келесі қадам мемлекеттік емханалардың деректері бар денсаулық паспортын, емханаға бекітілу және дәрігерді үйге шақыру мүмкіндігін, сондай-ақ дербес ИИ-көмекшісі мен бірыңғай HealthScore денсаулық индексін енгізу болатыны айтады. Онлайн-кеңес беруді де жазылу сервисінің бір бөлігі ретінде қарастырып отыр.

Freedom SuperApp арқылы 20 мың теңгеге ДНК-тест тапсыруға болады.

Сондай-ақ оқыңыз