«Алтыналмас» 98,6 млн доллар облигациясын мерзімінен бұрын кері сатып алмақ

Жарияланды 19 Қараша 2026 10:36

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: «Алтыналмас»

«Алтыналмас» алтын компаниясы купоны 8% болатын облигацияларын мерзімінен бұрын ерікті түрде кері сатып алатынын жариялады. Айналымдағы қағаздар көлемі 98,6 долларды құрайды. Сауда-саттық 23 қараша мен 31 желтоқсан аралығында Қазақстан қор биржасында (KASE) кезең-кезеңімен өтпек.

Шарттары қандай және сауда қашан өтеді?

Компанияның KASE-де жариялаған хабарламасына сәйкес, шешімді эмитенттің директорлар кеңесі 17 қарашада қабылдаған. Әңгіме өтеу мерзімі 2027 жылғы 26 желтоқсанға белгіленген KZ2C00012953 (ALMSb1) шығарылымының купондық облигациялары туралы болып отыр. Құрал бойынша жылдық купондық мөлшерлеме – 8,0%.

Эмитент қағаздарды биржаның сауда жүйесінде мамандандырылған сауда-саттық арқылы кезең-кезеңімен сатып алуды жоспарлап отыр.

Сауда мерзімі – 2026 жылғы 23 қарашадан 31 желтоқсанға дейін. Рәсім биржаның ішкі құжаттары мен Қазақстан заңнамасына сай жүргізіледі.

Ұстаушыларға қандай да бір міндеттеме жүктеле ме?

Облигация ұстаушыларының кері сатып алуға қатысуы – толықтай ерікті. Компанияның хабарламасы инвесторларды өздеріне тиесілі борыштық қағаздарды сатуға міндеттемейді және қатысу-қатыспау жөніндегі шешімді өз бетінше қабылдау құқығын шектемейді.

Көлемі 98,6 млн долларға жуық борышты мерзімінен бұрын жабуға ниет білдіру эмитенттің қарыз жүктемесін азайт немесе қаржы құрылымын оңтайландыруға бет алғанын байқатады.

«Алтыналмас компаниясын» Қазақстандағы ірі бизнестің жаңа «жұлдызы» – Шахмұрат Мүтәліп сатып алуға ниетті.  Бұл туралы наурызда нақты белгілі болған. Сол кезде Мүтәліпке тиесілі Central Asia Resources Holding Ltd. компаниясы «Алтыналмас» АҚ-ның 100% акциясын сатып алу туралы келісімшартқа қол қойған.

Сондай-ақ оқыңыз