Табыстың 90%-ы күнкөріске кетеді: халық неге ақшасын мерзімді депозитке салып жатыр

Жарияланды 19 Қараша 2026 10:18

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
иллюстрация kursiv.media, бильд-редактор: Милош Муратовский

Қазақстандықтардың депозиттегі жинақтары 30,6 трлн теңгеге жетіп, соның ішінде доллармен сақталған қаржы 17,9%-ға дейін төмендеді. Алайда тартымды сыйақы мөлшерлеме мен инфляцияның баяулағанына қарамастан, халықтың депозитке жинайтын артық ақшасы жоқ. Өйткені тапқан табысының 90 пайызы күнделікті күнкөріске жұмсалады. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының шолуында жазылған.

Теңгедегі салымдар тартымдылығын сақтап отыр

2026 жылдың III тоқсанында бөлшек депозиттер нарығы 1,8%-ға (немесе 546,9 млрд теңгеге) өсіп, қыркүйек айының қорытындысы бойынша 30,6 трлн теңгені құрады.

Жыл басынан бері бүкіл депозит нарығы 4,2 трлн теңгеге (+15,9%), ал теңгелік салымдар 4,7 трлн теңгеге (+22,8%) артты.

Бұл өсімге тоғыз айдағы ЖІӨ-нің алдын ала дерек бойынша 4,2%-ға ұлғаюы, қыркүйекте инфляцияның 9,3%-ға дейін баяулауы (2025 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда -3,6 п.т.) және ұлттық валютаның нығаюы ықпал етті.

Теңгедегі салымдар III тоқсанда 1,0 трлн теңгеден астам сомаға (+4,3%) көбейсе, валюталық салымдар 0,5 трлн теңгеге (-8,3%) кеміді.

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) мәліметінше, валюталық салымдардың азаюы салымшылардың доллармен ақшан депозиттерін жаппай жабумен емес, бағамдық қайта бағалаумен байланысты.

ҚДКБҚ сарапшылары 23 қазанда Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендету туралы кезекті шешім қабылдағанын және жыл соңына дейін оның өзгеру ықтималдығы төмен екенін атап өтті.

Осыған байланысты монетарлық жағдайлардың болжамдылығы мен банкаралық бәсекелестік арқасында бөлшек салымдардың тартымдылығы кем дегенде 2026 жылдың соңына дейін сақталмақ.

Күнделікті шығын қор жинауға кедергі

Халықтың басым көпшілігі айлығының 50 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Одан бөлек, коммуналдық шығын, несиесі мен киім-кешек, дәрі-дәрмеке кететеін шығыны тағы бар. Сондықтан қазақстандықтардың басым көпшілінің ірі сома жинауға мүмкіндігі жоқ.

Ашылған депозитердің жартына жуығында 15 млн теңгеге дейінгі қаржы жатыр. Осы жалпыхалықтық сегменттегі салымдардаңы ақша III тоқсанда небәрі 0,6%-ға өскен. Бұл есептелген сыйақы деңгейінен төмен және тұтыну шығындарының басым екенін көрсетеді.

Ал 5 млн-нан 50 млн теңгеге дейінгі орта сегментке жататы теңгелік депозитегі ақша 7,8%-ға артты.

50 млн теңгеден жоғары қаржы жинақталған теңгедегі депозиттердегі өсім бірден 9,9%-ды құраған.

Жалпы бөлшек депозиттер портфелінде массалық сегменттің үлесі 48,4% (теңгелік бөлікте – 53,6%), ал валюталық бөлікте ірі сегмент (60,2%) басым.

Жоғары табыс алуға ұмтылыс басым

Салым түрлері бойынша қаражатты мерзімінен бұрын алуға шектеу қойылатын депозиттер ең жоғары өсім көрсетті. Инфляцияның баяулауы аясында салымшылар жоғары нақты табыс алуға ұмтылып, қаражатты мерзімінен бұрын алу шектеулерін қабылдауға дайын екенін байқатты.

  • Мерзімді депозиттер (сыйақының бір бөлігін жоғалта отырып мерзімінен бұрын алуға болатын салымдар) бір тоқсанда 13,8%-ға немесе 787,6 млрд теңгеге өсті.
  • Жинақ депозиттер (сұраныстан кейін 30 күн өткен соң алуға болатын салымдар) 5,3%-ға немесе 134,2 млрд теңгеге артты.

Сонымен қатар мерзімсіз депозиттер жоғары өтімділігі мен икемділігінің арқасында ең танымал құрал болып қалып отыр: олар портфельдің 46,7%-ын құрайды.

III тоқсанда мерзімсіз салымдардың жалпы көлемі валюталық бөліктің бағамдық қайта бағалануына байланысты 1,2%-ға азайғанымен, олардың теңгелік сегментінде 2,7% таза өсім тіркелді.

Елдегі компаниялар мен халықтың екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банкте сақталған депозиті бір айда 1,4 трлн теңгеге өсті. Қыркүйек айында депозиттерде 51,5 трлн теңге жиналса, қазан айында бұл қаржы 52,9 трлн теңгеге жуықтап қалды.

Сондай-ақ оқыңыз