
2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда бірқатар тауарға қатысты тауарларға ілеспе жүкқұжат (ТІЖ) рәсімдеу және электрондық шот-фактура (ЭШФ) жазу талаптары күшіне енеді.
Жаңа талаптар «Виртуалды қойма» модулін пайдалана отырып, тауар айналымын есепке алуға қатысты.
Атап айтқанда, 1 желтоқсаннан бастап ең төменгі баға деңгейі тізіміне енгізілген 15 тауар тобына және бидайға қолданылады.
Ал ЕТБД тізбесіне қосымша енгізілген тағы 38 тауар тобына қатысты талаптар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ретте аталған тауарлар бойынша жаңартылған ЕТБД тізбесі 2027 жылдың бірінші тоқсанынан бастап қолданылады.
Мемлекеттік кірістер органдары тауарлардың ең төменгі баға деңгейін тоқсан сайын, айдың 15-інен кешіктірмей есептеп, жариялап отырады.
Оқи отырыңыз: Әрбір тауарға ЖСН сияқты сәйкестендіру нөмірі берілуге тиіс – Бағдат Мусин