«Қазатомөнеркәсіпте» топ-менеджер ұсталды: акция бағасы 1,5 пайызға түсті

Жарияланды 25 Қараша 2026 12:11

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

25 қарашада Қазақстан қор биржасында (KASE) «Қазатомөнеркәсіп» акциясы 1,49%-ға арзандап, 25 513 теңгеге түсті. Сағат 12:04-тегі баға алдыңғы сауда күніндегі соңғы мәміледен 387 теңгеге төмен. Бұл компанияның топ-менеджерлері ұсталғаны туралы ақпарат фонында болып отыр..

Акция кешегі ең төменгі бағадан да түсті

24 қарашада «Қазатомөнеркәсіп» акциясы 0,86%-ға арзандап, соңғы мәміле 25 900,01 теңгеден жасалған. Сол сессиядағы ең төменгі баға 25 541 теңге еді. Бүгін сағат 12:04-те акция одан тағы 28 теңгеге төмен саудаланды.

Бұған дейін, Қазатомөнеркәсіп компаниясының қаржылық жағдайы мен акция бағасына не әсер ететінін шолып шыққанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз