
25 қарашада Қазақстан қор биржасында (KASE) «Қазатомөнеркәсіп» акциясы 1,49%-ға арзандап, 25 513 теңгеге түсті. Сағат 12:04-тегі баға алдыңғы сауда күніндегі соңғы мәміледен 387 теңгеге төмен. Бұл компанияның топ-менеджерлері ұсталғаны туралы ақпарат фонында болып отыр..
Акция кешегі ең төменгі бағадан да түсті
24 қарашада «Қазатомөнеркәсіп» акциясы 0,86%-ға арзандап, соңғы мәміле 25 900,01 теңгеден жасалған. Сол сессиядағы ең төменгі баға 25 541 теңге еді. Бүгін сағат 12:04-те акция одан тағы 28 теңгеге төмен саудаланды.
Бұған дейін, Қазатомөнеркәсіп компаниясының қаржылық жағдайы мен акция бағасына не әсер ететінін шолып шыққанбыз.