
Қызылорда облысында «Баласауысқандық» кен орнында ванадий мен 8%-дан асатын көміртегі бар. Ал кеннің құрылымы басқа ванадий жобаларымен салыстырғанда шығынды әлдеқайда азайтуға мүмкіндік береді. Болашақта жобаның есептік құны 932 млн долларға жетуі ықтимал.
Осы жобаны дамытып жатқан Ferro-Alloy Resources Limited компаниясының акционерлері жылдық жиналысында кен орнын дамытуға қатысты ұсыныстарды қолдады.
Сонымен қатар акционерлер 2025 жылғы жылдық есебін бекіткен. Директорлар кеңесінің сегіз мүшесі: Майкл Дэвис, Николас Бриджен, Питер Секер, Андрей Кузнецов, Уильям Каллеваерт, Кристофер Томас, Джеймс Туриан және Петрус Нинабер қайта сайланды.
Баласауысқандық кен орнында негізгі өнім — ванадийден бөлек, CBS көміртегі өнімі мен қосалқы өнімдер бар.
Жеті кен құрамында анықталған ресурс 32,9 миллион тоннаға бағаланған. Қазақстандық жүйе бойынша 1–5 кен құрамындағы қор 70 миллион тоннадан асады. Кендегі көміртегі 8%-дан жоғары. Ол қалдықтардан қарапайым әрі арзан тәсілмен 40%-дық CBS өніміне шоғырландырылып, резеңке жасауда техкөмірдің орнына қолданыла алады.
Жоба екі кезеңмен іске асады. Бірінші кезеңде жылына 1,65 миллион тонна кен өңделеді.
2025 жылғы қазанда SRK және Tetra Tech жүргізген техникалық-экономикалық негіздеме бойынша жобаның NPV көрсеткіші 748 миллион доллар, ал IRR 22% болған.
Кейін China National Chemical Engineering Sixth Construction Co., Ltd мамандары күрделі шығынды қайта есептегенде, өзіндік құны 932 миллион долларға, ал IRR 31%-ға дейін өсуі мүмкін екені анықталған.
Кен орнында жылына 15 мың тонналық тәжірибелік зауыт негізінде құрылған концентрат өңдеу өндірісі жұмыс істейді. Ол сатып алынған концентраттан ванадий, молибден және никель бөліп алады.
Жобаның құны бұған дейін $520 млн деп бағаланған.