«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты» жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Жол жөндеумен айналысатын компаниялар тасжолдардың учаскелерін белгіленген мерзімнен бұрын пайдалануға беруде. Осылайша Атырау облысындағы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты» жолының 45 шақырымын жаңарту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты» жолын орташа жөндеу жұмыстары межеленген мерзімнен екі ай бұрын аяқталып отыр. Жөндеуден өткен жол учаскелері бүгінгі таңда қозғалыс үшін ашық.
Еске салайық, елде республикалық маңызы бар жолдардың 1143 шақырымы қалпына келтірілуде. Орташа жөндеу жұмыстарымен 66 нысан қамтылған.