Атамбаев өзін қамауда қалдыруды сұрады

Жарияланды
Ал оның серіктестерін үй қамағында ұстау керек

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев соттан оны қамауда қалдыра беруін сұрады, – деді оның кеңесшісі Құндыз Жолдыбаева. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Экс-президент, оған қарсы ешқандай дәлел жоқ екенін баса айтты.

   «Менің сотқа бір өтінішім бар: мені қамауда қалдырыңыз. Маған колонияда 11 жыл берілді, бірақ оған бірде-бір айғақтар жоқ. Уақыт бәрін дәлелдейді. Мен шындық бәрібір жеңетінін білемін. Менің қасымда отырған Қанат Сағымбаев, Фарид Ниязовтар маған опасыздық жасамады. Үй қамауында отырғандар үй қамауында қалуы керек. Ал қазір қамауда отырғандар босатылуы тиіс», – деп жазды Атамбаевтың кеңесшісі.

Сондай-ақ оқыңыз