Қазақстан Қырғызстанға медициналық бұйымдар жіберді
Жарияланды
Гуманитарлық көмектің ішінде маска, өкпені жасанды желдету аппараты бар
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жіберді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді.
Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жеткізіледі.
Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды.