Карантин талаптарын бұзғандарға 1,2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Жарияланды
9,1 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,8 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Карантин талаптарын бұзғаны үшін қазақстандықтарға 1,2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары 95 мыңға жуық рейд жүргізіп, 585 мыңнан астам нысанды тексерді. 

16 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны шектеу талаптарын бұзған.

Карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9,1 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,8 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 300 іс сотқа жіберліп, 76 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыз