
Қазақстанда бюджет қаражатының қозғалысын бақылау үшін мемлекеттік шығыстардың барлық кезеңі бірыңғай цифрлық жүйеге біріктірілді. Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев цифрландыру шығыстарды қалай қысқартқанын айтып берді, деп хабарлайды Kursiv.media.
Оның айтуынша, жүйе бюджет қаражатын жоспарлаудан бастап, мемлекеттік сатып алу, қазынашылық атқару және онлайн-мониторингке дейінгі процестерді қамтиды.
Соның арқасында әр теңгенің қайда жұмсалғанын бақылап, шығыстардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік бар.
«Бюджетті жоспарлау кезінде тек фискалдық деректерді пайдалану арқылы жылына 200 млрд теңгеге дейін үнемделді. Цифрландырудың ең маңызды нәтижесі тиімсіз шығыстарды кейін анықтау емес, олардың алдын ала жолын кесу. Мәселен, 2027–2029 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру барысында жалпы сомасы 1,5 трлн теңге болатын шығыстың алдын алуға мүмкіндік туды» – деді Тәкиев.
Министрдің сөзінше, цифрлық жүйе бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалғаннан кейін ғана анықтауға емес, мұндай шығындарға алдын ала жол бермеуге мүмкіндік береді.
Тағы да оқыңыз: Бюджет жобасындағы шикілік: Жоғары аудиторлық палата үкімет жоспарын неге сынға алды