42 500 теңге қайта төлене ме?

Жарияланды
2021 жылы 42 500 теңге біржолғы әлеуметтік жәрдемақы төлеу көзделмеген

2021 жылы 42 500 теңге біржолғы әлеуметтік жәрдемақы төлеу көзделмеген. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Депутат Алтынбек Нұхұлы палата отырысында 4,6 миллион адам пандемия кезінде жұмысынан айрылған қазақстандықтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 476 миллиард теңге көлемінде қаржылай көмек алғанын айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, елде коронавируспен ауырғандар саны күнделікті артып отыр. Қазір бұл орта есеппен 600 адамды құрайды

   «Бұл алаңдатарлық жағдай. Егер 2021 жылы елдегі коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталмаса, жұмысын уақытша тоқтатқан және табысын жоғалтқан адамдарды қолдауға қандай шаралар болады? Осы мақсаттарға қарастырылатын заң жобасында 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік жәрдемақыны ескере отырып, қаражат көзделмеген», – деді Нұхұлы. 

Сондай-ақ оқыңыз