Елімізде мал басы мен құс саны тұрақты түрде өсіп келеді

Жарияланды
Ет 4,3%-ға және сүт өндірісі 3,2%-ға өскен

2020 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара саны 7,8 млн басқа жеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,6%-ға артық. Қой мен ешкі басы 4,7%-ға, жылқы 10,1%-ға, түйе 5,2%-ға өскен. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Соған сәйкес, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі де артқан. Ет 4,3%-ға және сүт өндірісі 3,2%-ға өскен. 

   «Өткен жылы мал шаруашылығы өнімдері импортын алмастыру аясында елімізде 48 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Бұл сүт зауыттарының жүктемесін 77%-ға дейін арттыруға, ал сүт өңдеу көлемін 1,8 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, 3 ет комбинаты іске қосылды. Осының арқасында ет өңдеу көлемін 151-ден 166 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік туды. Бұған қосымша 8 құс фабрикасы іске қосылды. Нәтижесінде ұйымдастырылған шаруашылықтарда құс етін өндіру көлемі өткен жылы 222,7-ден 235,3 мың тоннаға дейін ұлғайды», – деп хабарлады С.Омаров.

Сондай-ақ оқыңыз