Қазақстан QazVac вакцинасын ислам елдеріне беруге дайын

Жарияланды
ДДСҰ QazVac вакцинасын мақұлдағаннан кейін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды. 

   «ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінің ашылуына қатыстым. Ғылыми-технологиялық және инновациялық ынтымақтастықты жандандыруға қатысты бірқатар ұсыныс айттым» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Мемелекет басшысының айтуынша, ДДСҰ QazVac вакцинасын мақұлдағаннан кейін Қазақстан оны ИЫҰ елдеріне беруге дайын.

    «Жасанды интеллект, Big Data және киберқауіпсіздік салаларындағы бірлескен жобалар үшін Назарбаев Университеті мен Astana IT Hub алаңын ұсынамыз. Сондай-ақ Қазақстан Ұйымға мүше елдер үшін бакалавриат бағдарламасы бойынша отандық университеттерде 100 грант бөлуге ниетті» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Сондай-ақ оқыңыз