Қазақстан Президенті Көкшетауда Форум өткізуді ұсынды
Жарияланды
Сөйткен ол, экологияның маңыздылығы туралы айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Өңіраралық әріптестік форумын Көкшетауда өткізуді ұсынды.
«Экология – Қазақстан-Ресей қатынастарының күн тәртібіндегі негізгі салалардың бірі. Қоршаған орта мәселелері шекара талғамайды. Өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі келесі Форумды 2020 ж. Көкшетауда өткізіп, жиынды экология және жасыл өсім мәселелеріне арнауды ұсындым», – деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Естеріңізге салсақ, 7-қарашада Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен бірге Омбыдағы Өңіраралық әріптестіктің форумына қатысқан болатын.