«Bolashaq» қауымдастығы бизнес-идеяларға байқау жариялады. Бақ сынап көріңіз
Бизнесті, іскерлікті дамыту міндеті алға қойған «Bolashaq» қауымдастығы болашақты қолдау бойынша бірнеше жобаны қолға алды. Атап айтқанда, менторлық жоба және «Bolashaq» бизнес форумын өткізу.
Қауымдастықтың кеңес төрағасы Алмас Құдайбергеннің айтуынша, 5 қарашада бесінші бизнес форум өтіп, оған Қазақстанның беделді кәсіпкерлері қатыспақ. Оның мәліметінше, «Bolashaq» бағдарламасы бойынша 11 мыңнан астам адам шетелде білім алды. Олардың барлығы Қазақстанға келіп, жұмыс істеуде. Бүгінде әр салада әр мамандық бойынша клубтар құрылып, олар саланы дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтуда дейді.
Осы орайда қауымдастықтың 20 жылдығына орай «Alawwal Partners» компаниясымен бірлесіп, кәсіпкерлерге арналған республикалық бизнес-жобалар конкурсының бесінші маусымының басталғаны жарияланып отыр. Оның мақсаты – қазақстандықтардың бизнес бастамаларын қолдау.
«Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады. Өтінімдер 22 қаңтарға дейін қабылданады. Жартылай финалистер Алматыдағы демалыс аймағында жиналады. Онда бір апта болады. Оларды қаржылық модельдеу, бизнес-жоспарлау, инвесторлармен келіссөздер жүргізу бойынша мамандар оқытатын болады. Ал дайындықтан соң өз жобаларын бизнес періштелер алдында таныстырады» дейді «Болашақ» қауымдастығының мүшесі, компанияның басқарушы серіктесі Қаныш Төлеушин.
Байқаудың бизнес-періштелері жобаның 10 финалистімен питч-сессия ұйымдастырады. Ең қызықты идеялардың авторлары инвесторлардан инвестиция алады.
«Іс жүзінде идеялар көп, бірақ оларды қолдану маңызды. Ол әлеуетті тұтынушыны тартып тұруы тиіс. Өнім жақсы пысықталса, активтер неғұрлым көп болса, жақсы серіктес табу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Командада жұмыс істеуді үйрену – барлық жерде құпталатын негізгі дағды. Байқаудың бизнес-періштелері бұл «өнерге» үйрете алады, ең бастысы қолдау көрсетеді» дейді Freedom Holding Corp CEO-сы Тимур Турлов.
«Идеяның өзі, шын мәнінде, актив емес. Актив – бұл идея имплементациясы, оны жүзеге асыру. Күшті мотивацияланған команданың болуы – бұл идеяның өзінен әлдеқайда артық актив. Ақша үшін қосылған, бірақ ортақ идеяны ұстанған ұйымшыл команда ғана үлкен жетістіктерге жетеді. Себебі кез келген бизнес – бұл ұжымдық өнім, жеке спорт түрі емес, командалық спорт. Жоба ішінде серіктестік орнату маңызды» деді спикер өз тәжірибесімен бөлісе отырып.
«Startup Bolashaq» 5-ші маусымның конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау 20 қаңтарға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Құжаттар www.startup-bolashaq.kz сайтында онлайн түрде қабылданады. Жеңімпаздардың есімдері сәуір айында белгілі болады. «Startup «Bolashaq» байқауының барысын реалити-шоу форматында көруге болады.
Startup Bolashaq республикалық байқауының бесінші маусымындағы жаңашылдық – өз ісін ашып, дамытқысы келетін қазақстандықтарға берілетін керемет мүмкіндік. Серіктестерден салым көлемі 10 млн теңгеден басталады. Осындай бизнес-періштелердің бірі – Динара Сәтжан.
Тележурналист және жобаның бренд-амбассадоры жобаның басында ментор болған. Оның «шәкірті» 5 жыл бұрын бірінші маусымның жеңімпазы атанды. Мүгедектігіне қарамастан, ол Алакөлде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін демалыс аймағын ашу сияқты арманын жүзеге асыра алды. Мұндай әлеуетті көре тұра, белсенді азамат тыс қала алмаған.
«Зор әлеуеті бар идеялар көп, бірақ оларды жүзеге асыру мүмкін емес. Startup Bolashaq қажет болады. бәрінің де бизнеспен айналысқысы келеді, пандемия кезінде адамдардың көбі бизнестің түр-түрін үйренді. Байқау ресурстар ұсынады. Инвестиция көлемі – 10 млн теңгеден басталады. Менің де бизнес-періште болғым келеді, бірақ сән индустриясында. Белсенді дизайнерлердің, жастардың қатысқанын қалаймын, қолдау көрсетуге дайынмын. Шағын бизнесте әйелдер көп. Өтінімдердің 60%-ы әйелдерден келіп түседі деп ойлаймын» деді спикер.
Bolashaq түлегі, BTS Digital бас директоры Нұртай Әбілғалиев бұл байқаудың қандай трамплин бола алатынын жақсы біледі. Оның өзі сараптаманың, қарым-қатынастың, идеялармен алмасудың және қолдаудың қаншалықты маңызды екендігін түсінген.
«Біздің компанияның міндеті – қазақстандықтардың жақсы өмірі үшін цифрлық шешімдер жасау. Бизнесті дамыту, жаңа жобаларды іске қосу мүмкіндігі – өмірді жақсартудың, кірісті арттырудың, әлеуметтік мәртебені көтерудің көзі және жолы. Біз мұны «Болашақ» қауымдастығымен бірге жасауға қуаныштымыз. Кеңестер, ресурстар, үздіктердің қолдауына ие болу мүмкіндігі стартаптарды танытуға мүмкіндік береді. Біз технологиялық компаниямыз. Қандай құралдармен көмектесе аламыз? Клиенттер үшін құндылықтар құруға назар аударуға көмектесу. Қосымшалар жасау ауыртпалығын мойнымызға аламыз, өйткені бізде ол үшін бүкіл платформа бар» деді кәсіпкер.