Үндістанда әскери базаға шабуыл жасалды
Жарияланды
Билік шабуылды лаңкестік әрекет деп мәлімдеді
Үндістанның Джамму және Кашмир аймағындағы әскери әуе күштері базасына шабуыл жасалып, 2 адам жарақат алды,- деп хабарлайды 24.kz ақпарат порталы .
Оқиға Пәкістан шекарасынан 14 шақырымдай жердегі әуежайда болды. Әскерилердің мәлімдеуінше, шабуыл дрондармен жасалған.
Атқылаудан бір ғимараттың төбесі бүлінген. Билік шабуылды лаңкестік әрекет деп мәлімдеді. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.