Еліміздің екі өңірі қызыл аймақта
Бүгінде республика жасыл аймақта немесе тәуекелі төмен аймақта тұр. Жоғары қауіпті аймақта немесе қызыл аймақта 2 өңір тұр: Солтүстік Қазақстан облысы және Павлодар облысы. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов айтты, – деп жазады coronavirus2020.kz.
Алдыңғы аптамен салыстырғанда қызыл аймақтан сары аймаққа Қостанай және Ақмола облыстары ауысты. Сондай-ақ сары аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Шығыс Қазақстан облысы және Атырау облыстары тұр. Сары аймақтан жасыл аймаққа Батыс Қазақстан облысы ауысты. Қалған өңірлер жасыл аймақта тұр.
Өткен екі апта ішінде КВИ-мен ауырғандар саны 10%-ға өсіп отыр. Ауру-сырқаттың өсуі Атырау облысында – 1,9 есе, Жамбыл облысында – 1,8 есе, Ақмола облысында – 1,7 есе, Павлодар облысында – 1,5 есе байқалуда.