Алматыда дәрі-дәрмектің тұрақты қорын жасау үшін 40 миллион теңге бөлінген
Алматыда дәрі-дәрмек нарығындағы жағдай тұрақты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының стационарларын, емханалары мен дәріханаларын дәрі-дәрмекпен және медициналық заттармен қамтамасыз ету бойынша апта сайын мониторинг жүргізіледі.
Бүгінгі күні коронавирус инфекциясын емдеуге қажет дәрі-дәрмектер қаланың барлық дәріханаларында бар. Қаржыландыру есебінен фармацевтикалық компаниялар жалпы құны 40 млн асатын дәрі-дәрмектер мен медициналық заттардың 68 түрін сатып алды және олардың барлығы қалаға жеткізілді.
Аз мөлшерден төмендемейтін қор қалыптасты және сақталуда, бұл жалпы құны 8 млн асатын препараттардың үш айлық көлемінің 40%-ын құрайды, қоймаларда дәрі-дәрмектердің 20 млн асатын бірлігі бар.
Осылайша, қалада 2 айлық тұрақты қор қалыптасқан. Тұрақтандыру қорынан дәрі-дәрмектер қала дәріханаларына үнемі жеткізілуде.
Сонымен бірге, Тұрақтандыру қорындағы дәрі-дәрмектердің тізімінде жүрек-қан тамырлары ауруларының профилактикасы бойынша 8-ге жуық дәрі-дәрмектер, соның ішінде Аспирин Кардио, Тромбо АСС, Тромбопол және Ацетилсалицил қышқылы бар.
Қоймаларда әрқайсысы 150 мг және 75 мг болатын 92840 пакеттегі кардиомагнил бар.
Осы препараттарды қаланың дәріханаларда сату мәселесін шешу үшін фармацевтикалық компаниялар қазіргі дәрілерді өндірушілермен сату бағасын төмендету туралы келіссөздер жүргізуде.
Дәрі-дәрмектерді жеткізушілер мен қала дәріханаларында ХПА (халықаралық патенттелмеген атаулар) дәрі-дәрмектерінің баламалары бар, Алматыдағы дәріханаларда сатылуда, олар — Trombopo НEO, Асс тромбин, Тромбо АСС 100 мл.
Қала дәріханаларын медициналық бетпердемен қамтамасыз ету 100%-ды құрайды. Алматыда 6 ірі отандық компания жұмыс істейді, олардың жеке өндірістік қуаты күніне 1 миллионнан астам бетперде шығарады. Бұлардан өзге 26 миллионнан астам бетперде 15 жеткізушілердің қоймасында тұр. Қоймаларда 460 мың термометр де бар.
Жалпы, Алматыда дәрі-дәрмектер мен бетпердеге деген сұраныс көп емес. Жағдай тұрақты.