Беларусь Украинаға электр энергиясын жеткізуді тоқтатады
Беларусь 18 қарашадан бастап Украинаға жақында қалпына келтірілген электр энергиясын беруді тоқтатады, деп хабарлады республиканың Энергетика министрлігі. Бұл туралы interfax.ru сайты хабарлады.
«Украинаға электр энергиясын жеткізу шарттық қатынастар аясындағы өзара іс-қимылдың белгіленген тәртібіне сәйкес 18 қарашадан бастап тоқтатылады», – деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
«Украинаға электр энергиясын жеткізуді одан әрі жүзеге асыру мүмкіндігін Беларусь тарапы техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып қарастырады», – делінген хабарламада.
Хабарламада Украинаға электр энергиясын жеткізуді тоқтатудың себептері көрсетілмеген.
Ал, сәрсенбінің бірінші жартысында Энергетика министрлігі автоматты қорғаныс жүйесінің іске қосылуына байланысты БелАЭС-тің бірінші энергоблогының электрмен жабдықтау желісінен ажыратылғанын хабарлады.
6 қарашада Беларусь Украинаның энергетикалық жүйесіне коммерциялық электр қуатын беруді қайта бастады. Энергетика министрлігі қол қойылған келісім-шартқа сәйкес жеткізу қараша айында жүзеге асырылатынын хабарланған.