Елордада мектептердің бәрі қашықтан оқыту режиміне көшеді

Жарияланды
Оқу жылының басынан бері барлығы 224 оқушы ауырған

Елордада мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі BAK хабарлады.  

Оқушылар мен оқытушылар арасында COVID-19 жағдайларының тіркелуі күн сайын жалғасып жатқандықтан, меншік нысанына қарамастан, мектептерді қашықтан оқыту жүйесіне көшу мәселесі қарастырылуда.

10 желтоқсандағы жағдай бойынша, аудандық санэпидбақылау басқармаларының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларымен 20 мектепте оқу процесі 14 күнге онлайн режимге ауыстырылды.

Оқу жылының басынан бері барлығы 224 оқушы ауырған. Оның 179 – ы қашықтан (қаладан тыс жерлерден келген оқушылар саны – 15, оның ішінде оффлайн режимде – 2) оқығандар. Мектеп бойынша барлығы 590 қатынаста болған азамат тексерілді. 8 жағдайда мектеп оқушылары және 1 жағдайда оқытушы қарым-қатынаста болғандықтан ауырған.
 

Сондай-ақ оқыңыз