Коронавирустың «дельта» штамы 104 мемлекетте анықталды

Жарияланды
ДДСҰ өте жұқпалы штамм тез таралып жатқанын айтады

Қазірдің өзінде дүние жүзінің  100-ден астам елінде коронавирус инфекциясының үндістандық «Дельта» штамы анықталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс мәлімдеді, деп хабарлайды коронавирустың алдын алу жөніндегі  ведомствоаралық комиссия. 

«COVID-19 вирусының өте жұқпалы модификациясы жылдам таралып жатыр. «Дельта» мутациясы қазір әлемнің 104 елінде тіркелді және жақында дүниежүзі бойынша COVID-19 инфекциясының басым штамына айналады деп болжаймыз» деді Гебрейюс.

Қазақстанда өткен тәулікте 4375 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырғандардың саны  466 792-ге жетті.
 

Сондай-ақ оқыңыз