Қазақстанның барлық өңірлері «қызыл» және «сары» аймаққа енді

Жарияланды
Бір күнде 5,3 мың адамнан коронавирус анықталды

Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша, барлық өңірлер «қызыл» және «сары» аймаққа енген. 

Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары  «қызыл» аймаққа кірген.  «Сары» аймақта Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. 

19 шілдедегі мәлімет бойынша, бір тәулікте 5,3 мың адамнан коронавирус анықталып, 58 887 адам (57 269 КВИ+ және 1 618 КВИ-) емделіп жатыр,  олардың ішінде 19 005 пациент стационарда, 39 882 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1047 адамның жағдайы ауыр, 230 пациенттің жағдайы өте ауыр, 144 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
 

Сондай-ақ оқыңыз