Алматыда карантин талаптары күшейтілді
Алматыда карантин талаптары күшейтілді. Бұл туралы онлайн брифингте қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы-бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты.
«Сауда орталықтары мен сауда үйлері 20 наурыздан 28 наурызға дейін жабық болады. «Медеу» мен «Шымбұлақ» шаңғы курортында жаппай сырғанауға тыйым салынады. Келушілер саны 50% (1000 адамға дейін) азайтылуы керек. «Шымбұлақ» тау курортындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 7:00-ден 21:00-ге дейін, тек жазғы алаңдардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі», – деді Жандарбек Бекшин.
Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады.