Алматы әкімдігі қала атауын өзгерту мәселесін қарастырған емес
Жарияланды
(жаңартылды )
Бұл дилемма күн тәртібінде де жоқ
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала атауын өзгерту мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
«Бүгін Алматы қаласының атауын өзгерту туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты айтарым, мен мұндай мәселелерді қарастырған емеспін, олар әкімдіктің күн тәртібінде де жоқ. Біз қазір Президент Қ.-Ж. Тоқаев қала алдына актив мәжілісінде қойған кешенді мақсаттарды жүзеге асыру жолында жұмыс істеп жатырмыз», – деп жазды Instagram-да қала басшысы.
Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын жазушы Олжас Сүлейменов Қазақстан резиденті Қасым-Жомарт Токаев және қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының бұрынғы атауы – Алма-Ата-ны қайтару идеясын қолдады, деп сендірген болатын.