Солтүстік Қазақстан облысында індеттің таралу деңгейі 35% – ға төмендеді
Солтүстік Қазақстан облысында COVID-19-дың таралу деңгейі 35% – ға төмендеген. Барлық жағдайлардың 92%-ы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Бұл дәрігерлер мен жедел медициналық көмек бригадалары шағымданған адамдарға мұқият тексеру жұмыстарын жүргізгіп, коронавирустың белгілерін уақтылы, әрі дәл анықтағандарын көрсетеді. Нәтижесінде емдеуді дер кезінде тағайындау мен науқасты қоғамнан уақтылы оқшаулауға мүмкіндік береді.
Пандемия басталғаннан бері аймақтағы ауырғандардың басым көпшілігі – жұмыс істейтін адамдар – 34%, зейнеткерлер – 25%, жұмыс істемейтіндер – 17% арасында байқалуда.
Коронавируспен көбінесе 60 жастан асқан адамдар ауруда – жергілікті халықтың 29%, 50-59 жас аралығында – 19%, 14 жасқа дейінгі балалар-8% құраған.