Алматы облысында ата-анасы бас тартқан балаларға арналған беби-бокстар қойылды

Жарияланды
Анасының 3 ай ойланып, баласын қайта алуға мүмкіндігі бар

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауруханада ата-анасы бас тартқан балаларға арналған беби-бокстар қойылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аурухана директоры Жәмилә Әбеуова беби-бокстардың жанында барлығы құпия болатынын атап өтті. Бейнебақылау камералары болмайды. Әбеуева балаға қажет медициналық көмек бірден көрсетілетінін айтты.

 «Әйел баланы өмірге әкеліп, қиын жағдайда қалғанда, баладан бас тартқысы келсе, баланы тәрбиелеуге мүмкіндігі болмаса, моральдық жағынан баланы отбасында тәрбиелей алмаса, беби-боксқа келе алады .Мұнда бейнебақылау камерасы болмайды, оның баланы осында қалдыруға мүмкіндігі бар.  Анасында 3 ай ойланып,баласын алуға мүмкіндігі бар», – дейді Әбеуова.

 

Сондай-ақ оқыңыз