Денсаулығы нашарлаған екі айлық сәби санитарлық ұшақпен Ресейден жеткізілді
Жарияланды
Нәрестенің қазіргі жағдайы тұрақты
Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының жәрдемімен жергілікті балалар клиникалық ауруханасынан денсаулығы нашарлаған екі айлық сәби санитарлық авиация бортымен Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Рейсті ҚР Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрліктері ұйымдастырды.
Нәресте елордаға жеткізілгенге дейін мамандар оның диагнозын алдын-ала зерттеп, келген соң, бірден жедел емдеуді бастады.
Нәрестенің қазіргі жағдайы тұрақты. Еліміздің медицина қызметкерлері емдеудің толық бағдарламасын жүргізетін болады.