ШҚО-да қос азаматтық үшін 50-ден астам адамға айыппұл салынды

Жарияланды
Айыппұл көлемі төрт миллион теңгеден астам қаражатты құрайды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қос азаматтық үшін 50-ден астам адамға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

ҚР Заңнамасына сәйкес, басқа елдің азаматтығын алғаннан кейін 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының жеке куәлігі мен төлқұжатын міндетті түрде тапсырып, ҚР-ның азаматтығынан айрылғанын тіркеу қажет.

Алайда ҚР-ның азаматтары басқа елдің азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасының құжаттарын келуге және тұруда қолдануда. 

Облыс бойынша жыл басынан осындай 50-ден астам азамат анықталып, жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұл көлемі төрт миллион теңгеден астам қаражатты құрайды.

 

Сондай-ақ оқыңыз