Қазақстанда жұмыссыз жастар көбейіп барады
2019 жылғы үшінші тоқсанның соңына қарай, Қазақстанда 15-тен 28 жасқа дейінгі жастар арасында жұмыспен қамтылғандар саны 2,1 млн адамды құраған еді, бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, 3,8%-ға (2 млнадамға) артық, деп жазады Ranking.kz.
Аймақтар бойынша алсақ, 15-тен 28 жасқа дейінгіжастар арасындағы жұмыспен қамтылмағандардың көпшілігі Алматы облысында екені байқалады: 278,1 мың адам. Сонымен қатар, көшбасшы үш аймаққа Алматы қаласы (258,1 мың адам) және Жамбылоблысы (199,6 мың адам) кірген.
Жұмыспен қамтудың неғұрлым жоғары деңгейі сауда және авто жөндеу саласында байқалпады: 388,7 мың адам немесе еңбекпен қамтылған жастардың жалпы санының 18,3%. Жастар көп жұмыс іс тейтін салаларға, сонымен қатар, ауыл, орман және балық шаруашылықтары жатады (257,2 мың адам немесе 12,1%) және білім беру (236,3 мың адам немесе 11,1%).
Топ-5-ке мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (152 мың адам) және ұқсату өнеркәсібі (149,6 мың адам).
Елімізде 15-тен 28 жасқа дейінгі жастар арасындағыжұмыссыздар саны 84,7 мың адамға жеткен — бұл бір жыл бұрынғыдан 3,4% артық (81,9 мың адам). Атап айтарлығы, 2019 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық 2018 жылғы 3,9%-дан 3,8%-ға дейін қысқарған. Назар аударатын жәйт, қалалық жердегі жастар арасындағы жұмыссыздық бір жыл ішінде 4,2%-дан 4,3%-ға дейін өссе, ауылдық жерде керісінше, 3,4%-дан 3,2%-ға дейін қысқарған.
Жұмыссыз жүрген бойжеткендер мен бозбалалардың ең көп бөлігі Алматы Қаласы мен Алматы облысында тұрады: тиісінше,16,8 мың және 8,9 мың адам. Сонымен қатар, көшбасшылар арасында Түркістан (7,3 мың адам), Шығыс Қазақстан (7,1 мың адам) облыстары мен Нұр-Сұлтан (6 мың адам) қаласы бар.
2019 жылғы үшінші тоқсанның соңындағы жағдай бойынша, 15-тен 28 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар арасында 31,4 мыңнан астам адамның, немесе 37,1%-ының, жоғары білімі бар — олардың аны бір жылда 6,9%-ға артқан.
Жұмыссыз жастардың арасындағы 4,1 мың адамның немесе 4,8%-ының аяқталмаған жоғары білімі бар.
15-28 жасқа дейінгі жұмыссыз жүрген жастар арасындағы 33,6 мың адамның немесе 39,7%ының кәсіби (арнайы) білімі бар.
Бастапқы кәсіби және орта білімі бар бойжеткендер мен бозбалалар үлесі тиісінше, 2,4%-ды және 14,4%-ды құраған.