2019 жылы «Даму» қоры 23 мыңнан астам жобаны қаржыландырды

Жарияланды (жаңартылды )
«Тұтыну нарығы» бөлімінің редакторы
Оған 600 млрд теңгеден астам раржы жұмсалған

Бүгін «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басшылығы ОКҚ мінберінен қордың 2019 жылдағы қызметінің нәтижелері туралы айтып берді.

«2019 жылы бағалау бойынша «Даму» қоры қолдау көрсеткен клиенттер 5,6 триллион теңгенің өнімін шығарып, 457 миллиардов теңге салық төлеп, 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашты», – деп хабарлады басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаева.

Қордың басқарушы директоры Айман Сәрсенғалиеваның айтуынша, 2018 жылмен салыстырғанда, 2019 жылы барлық бағдарламалар бойынша сыйақы ставкалары бойынша субсидия алған жобалардың саны 80%-ға артып, 269,8 млрд теңге несие сомасындағы 2 641 жоба деңгейіне жеткен. Несиелер сомасы 36%-ға артқан.

Сондай-ақ 2019 жылы «Даму» қоры кәсіпкерлердің, шамамен, 23,5 мың жобасына қолдау көрсеткені, ал қордың бағдаламалары бойынша қаржыландырылған несилер сомасының 600 млрд теңгеден асып түскені атап өтілді.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатына қатысушылар қордың халықаралық әріптестік бойынша қызметі туралы да айтып өтті.

«Өткен жылы отандық кәсіпкерлерге қолдау кеөрсету үшін біз 67,5 миллиард теңге тарттық, оның ішінде, 35,3 миллиард теңге Азиялық даму банкінің желісі бойынша. Экспортқа бағдарланған микро-, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру, уәде еткен бағдарламаларды жүзеге асыру барысында 2019 жылы халықаралық әріптестерімізбен әріптестік туралы жеті меморандум келісімдер жасалынды», – деді басқарма төрайымының орынбасары Фархат Сәрсекеев. 

Бұдан бұрын Kursiv.kz 2019 жылы «Даму» қорының 2 млрд теңгеден астам қаржысы  мақсатына сай  пайдаланбағанын хабарлаған болатын.

 

Сондай-ақ оқыңыз