Елімізде «Алтын белгіге» қойылатын талаптар күшейтіледі

Жарияланды
Бұл жайлы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді

Елімізде «Алтын белгіге»  қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің Республикалық тамыз конференциясында мәлімдеді.

 «Келесі жылдан бастап «Алтын белгі» төсбелгісін растауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Біз оларды жыл сайын кезең -кезеңімен қайта қарастырамыз. 

Өткен жылы біз бұл мәселені көтердік, кейбір өзгерістер енгіздік. Бұл екінші кезең. Бұл талапкерлердің тек жылдың аяғында ғана емес, сонымен қатар 5 -11 сыныпқа дейін әр тоқсанда бес  болуы  керек»,-деді министр.
 

Сондай-ақ оқыңыз