ПТР тест 8 900 теңгеге арзандайды

Жарияланды

Қазақстанда ПТР тест құны 22% -ға төмендейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін өткен брифингте мәлімдеді.

Қазіргі кезде болжамды түрде 11 мың теңгеден 8 900-ге дейін төмендеуі тиіс. 

    «Шығын материалдары бағасының нарықта арзандауына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-тест тарифін 22 пайызға дейін арзандату бойынша ұсыныс әзірледі. Сонымен қатар жеке қорғаныс құралдары мен тест-жүйе арзандады. Ұсыныс мақұлданса, осы айдың соңына дейін тариф бекітіледі», – деді Алексей Цой.

Сондай-ақ оқыңыз