Алматы облысында жасөспірім қылмысы төмендеді
Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңірде жасөспірімдердің қылмыс деңгейі төмендеген, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Биыл алты айда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың 39,7 % – ға төмендегені байқалады. Полицейлер жасөспірімдердің саны 2019 жылы 668 460-тан 2020 жылы 668 564-ке дейін өскеніне қарамастан осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Қазіргі уақытта полицияда профилактикалық есепте 68 жасөспірім, тізімдік есепте 245 жасөспірім тұр. Облыс бойынша 1762 бала тәрбиеленіп жатқан 754 қолайсыз отбасы бар.
«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қамқорлықсыз және қамқорлықтан айырылған 33 бала және қадағалаусыз, панасыз қалған 13 бала жеткізілді. Сот органдары арқылы девиантты мінез-құлықты арнайы мектепке төрт жасөспірім жіберілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын – сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 22 ойын – сауық орындарының иесі, сондай – ақ темекі өнімдерін сатқаны үшін 18 жасқа толмаған адамдар – 25 адам, алкоголь өнімдерін сатқаны үшін үшін – 100 адам, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін – 2385 адам, ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін – 186 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов қорытындылады.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыстың ювенальды полиция бөлімшелерінің жеке құрамы оқу орындарында тұрақты негізде тақырыптық дәрістер мен әңгімелер өткізеді, оның ішінде ҚК, ҚПК, ҚР ӘҚБтК нормаларын түсіндіру бойынша, қоғамдық орындарда, жолдарда, бейтаныс адамдармен, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілік бойынша қауіпсіздікті сақтау ережелері бойынша тақырыптық дәрістер жүргізіледі. Оқушылар арасында 444 анонимдік сауалнама жүргізілді.