Тоқаев пен Мамин коронавирустың экономикаға әсерін талқылады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминмен кездесті. Бұл турасында Ақорданың баспасөз ұызметі хабарлады.
Кездесу барысында қазақстандық экономиканың ағымдағы ахуалының мәселелері және коронавирустың таралуы салдарынан, әлемдік нарықта қалыптасып жатқан конъюктураның нақты жағдайындағы оның даму перспективалары талқыланды.
Қазақстан президенті үкіметке ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, құрлымдық реформалардың белгіленген жоспарларын жүзеге асыру, еліміздің азаматтарының қажеттіліктерін қанғаттандыру бойынша жедел шараларды қолдануды тапсырды.
Естеріңізге салсақ, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға бекер дүрлікпей, коронавирусқа тек белгілер пайда болғанда ғана тексерілуге өтініш айтқан үндеу жолдаған болатын.
Сонымен қатар, ол коронавирусты тексеретін тестің дайындалып жатқаны туралы айтқан-ды.