Бүгіннен бастап Алакөл демалушылар үшін жабық

Жарияланды
Бұл індет жұқтырғандар санының артуына байланысты

23 шілдеден бастап Алакөлдің шығыс жағалауы демалушыларды қабылдауды тоқтатады. Туристік аймақтың кіре берісіне мобильді полиция бекеті қойылды. Бұл туралы бүгін Үржар ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында жазылғаны белгілі болды.

   «2020 жылғы 23 шілдеден бастап Үржар ауданындағы Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында демалу және тұру үшін келетіндерді қабылдау тоқтатылсын. 2020 жылғы 23 шілдеге дейін келген демалушылар жолдама мерзімі біткенше демалыс базаларында қалуға болады», – делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысындағы туристік маусым осы жылдың 6 маусымында басталған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз